Бір топ адам Бөрлі ауданының құрметті азаматы атанды
ОРАЛ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөрлі аудандық мәслихатының шешімімен бір топ адамға «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Аудандық мәслихаттан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы мәртебелі атақты ұзақ уақыт аудандық атқару комитетінде жемісті қызмет атқарған Валентина Дасаева, теміржолшы Петр Щербинин, аудандық мәслихат хатшысы Ибрагим Ізмағамбетов, «Конденсат» компаниялар тобының басшысы Валерий Жүнісов, малдәрігерлік саласының ардагерлері Валентин Автономов, Сансызбай Күзембаев иеленді.
Осынау құрметті атақ ауданға еңбегі сіңген азаматтарға көп жылдан бері беріліп келеді.