Бір жылда инфляция 21,3%-ға жетті – Ұлттық банк

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында елде инфляцияның айлық көрсеткіші құбылып отрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жылда инфляция 21,3%-ға жетті – Ұлттық банк

«Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң, біртіндеп төмендеуде, бірақ ол ақпанда 1,3%-ға дейін аздап жеделдеді. Осылайша айлық инфляция құбылмалы болып тұр және 5 жыл ішіндегі орташа жылдық мәннен асатын деңгейге жетті. Жылдық мәнде ақпан айындағы инфляция құбылып тұр», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банк ақпан айында кезекті болжамды раундты аяқтағанын еске салды.

«Жаңа деректер мен сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, инфляция болжамы биыл 9-12%-ға дейін, 2024 жылы 6-8%-ға дейін қайта қаралды, 2025 жылы өзгеріссіз – 4-6% деңгейінде сақталды», - деді ол.