Бірегей астық холдингі құрылуы қажет - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірегей астық холдингі құрылуы қажет. Бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындылары мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері бойынша өткен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Былтырғы жылдың қаңтарында халыққа Жолдауымда мен елімізде бірегей астық холдингін құру туралы айтып едім. Сонда мені ондай бірегей астық холдингін құрудың қажеті жоқтығына иландырған болатынсың. Ал мен тағы да ондай холдингті құру қажет деп есептеймін», - деді жиын барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке қарата айтқан сөзінде Елбасы Н. Назарбаев.
Елбасының айтуынша, елімізде астық сату мәселесінде бірыңғай саясат болуы қажет. Сол үшін бірегей ұлттық астық холдингі құрылуы шарт.