10:43, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Біреуді алдап 30 млн. теңге алғаны үшін алаяқ сегіз жылға бас бостандығынан айырылды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодардың ашықауыз тұрғындарынан сенімге кіру арқылы алған 30 млн. теңге үшін алаяқ әйел мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі № 2 Павлодар сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алаяқ әйел ақшаны қолға түсірудің түрлі амалдарын пайдаланған. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, кепілдікке қойылған үйді төмен бағамен ? үш млн. теңгеге банктен шығарып беруге «ықпал» ететінін айтқан. Зардап шеккен бір әйелге сауда үйін сатып алуды ұсынып, мәмілені «ресімдеу» үшін екі млн. теңгені қалтасына басып алып, ізін жасырған.
Енді оның шығарылған үкімнің күшіне енуіне байланысты, ұзақ жылдар қамауда отыруына тура келеді.