Бірінші кезекте сумен, электрмен және газбен жабдықтау мәселелері шешіледі - Ақтөбе қаласының әкімі

АҚТӨБЕ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров Құрайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағанбетованың халықпен есеп беру кездесуіне қатысты.
None
None

Кездесу барысында өңір басшысы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады. Әкім негізгі мәселелердің бірі дәрігерлік емхана салу қажеттігі болғанын айтты. Бұл мәселе шешілді, екі аптадан кейін жаңа дәрігерлік-амбулаториялық пункт ғимаратын пайдалануға беру жоспарлануда. Екінші маңызды мәселе - Құрайлы кентінің орталық көшесіне асфальт төсеу - бұл мәселе де шешіледі: жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, ал 2014 жылы жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Басқа мәселелер арасында су құбырлары желілерін қайта құрылымдау, Мәдениет үйінің жағдайы сөз болды. Мәдениет үйі ғимараты ұзақ уақыт бойы жекеменшікте болған, қыркүйек айында ол сатып алынып, коммуналдық меншікке өткен.

«Біз бірінші кезекте елді мекендерді сумен, электрмен және газбен жабдықтау сияқты өткір мәселелерді шешеміз, содан кейін ғана жолдарды жөндеу және көшелерге жарық беру мәселелерін шешуге кірісеміз. Қалаға 22 елді мекен және 35 тұрғын үй алабы қарайды. Ақтөбе қаласы халқының саны бүгінгі күні 420 мың адамға жетті», - деп атап айтты Е. Омаров.

Соңғы жаңалықтар