Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірқатар аймақта 1-6 градус үсік күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 19 мамыр күні Қазақстанның  барлық  аймақтарында құбылмалы күн райы сақталады.

Бірқатар аймақта 1-6 градус үсік күтіледі

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай түседі, тұман болып, жел күшейеді. Жауын-шашынсыз ауа райы солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні шаңды дауылмен 23 м/с жетеді. Сондай-ақ өңірде бұршақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде бұршақ жауады, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23 м/с артады.  

Қостанай облысының кей аумақтарында тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде сондай-ақ бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, түнде  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарын түнде және таңертең тұман басады.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.