Бірқатар тұлға Абай мұрасын насихаттағаны үшін «Достық» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Бірқатар тұлға Абай мұрасын насихаттағаны үшін «Достық» орденімен марапатталды

ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:

II дәрежелі «Достық» орденімен

Америко Эдельсио

–

Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы

Ганем Халед Ас-Саид

–

Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы

Кибар Зафер

–

жазушы, Түркия Республикасы

Кошут Леонард

–

әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы

Манн Джейн

–

Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

Мәжит Ақбар

–

жазушы, Қытай Халық Республикасы

Пряхин Георгий

Владимирович

–

Орыс әдебиеті академиясының

вице-президенті, Ресей Федерациясы

Пуиг Мария Санчес

–

Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры,

Испания Корольдігі

Хачатрян Шушан

–

Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы

Хуанчжан Ха

–

аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы

Шатқам Қажымұхамет

–

жазушы, Иран Ислам Республикасы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз

№ 379