Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді - «Қазақавтожол» РМК

Алматы облысы аумағында бүгін сағат 14.00 бастап «Алматы-Өскемен» жолының 558-615 шақырымындағы "Дружба бекеті-ШҚО шекарасы" аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін мына жолдарда шектеу қойылды:
1. сағат 08.30 бастап «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 320-900 шақырымындағы "Қарағанды обл.шекарасы-Ақсуат а"аралығында;
2..сағат 09.30 бастап «Алматы-Өскемен» а/ж 778-1075 шақ., "Аягөз-Қ.Қайсенов" аралығында;
3. сағат 11.00 бастап «Алматы-Өскемен» а/ж 615-768 шақ., "Алматы обл.шекара-Аягөз а" аралығында;
4. сағат 12.00 бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» а/ж 166-251 шақ., "Зырян-Үлкеннарым" аралығында;
5. сағат 12.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ.шекарасы» а/ж 15-191 шақ., "Белоусовка а.-РФ шекара" аралығында;
6.. сағат 12.00 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" а/ж 35-123 шақ., "Предгорное - РФ шекарасы" аралығында;

Сонымен қатар қар көшкініне байланысты бүгін сағат 09.30 бастап «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» 6-164 шақырымындағы "Степное -Зырян" аралығында жол жабылды.