«Бірлігіміз жарасқан»: Қазақстандағы ел бірлігін топтастыру билікті, ҮЕҰ-ны және бизнес-қоғамдастықтың басын қосты - ресейлік БАҚ

«Әзірге саясаттанушылар Қазақстанның ел бірлігі доктринасын талқылауды жалғастырып жатқанда, ел жұртшылығы қазірдің өзінде ұлтты топтастырудың нақты үлгісін іс жүзінде көрсете білуге әзір сыңайлы. «Бірлігіміз жарасқан» - Қазақстанның Азаматтық альянсының ұсынысымен бүкіл елде өткізіліп жатқан осындай акцияға республиканың үкіметтік емес ұйымдары белсене қатысуда», делінген мақалада.
Басылымның атап көрсетуінше, қазіргі тұтасу идеясына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына әзірлік пен мерекелеу шаралары түрткі болды. Осы мереке тұсында әртүрлі қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестіктері, мектеп оқушылары мен студенттер соғыс жылдарындағы ерлікті мәңгі есте сақтау, ардагерлерге қол ұшын созу сияқты елеулі істерге ұйтқы болды. Бұл акция Қазақстан халқы біртұтас және соғыс жылдарындағы патриоттық көңіл-күйді көпшілігі жақтайтынын көрсетті. Декларация түріндегі мәлімдемелерден нақты істерге көшті, волонтерлік, қайырымдылық шаралары өріс алды.
«Бірлігіміз жарасқан!» науқанының идеясы біржолғы акция емес екендігі назар аудартады, оған қоғамдық құрылымдар, олардың билік органдарымен және бизнес-қоғамдастықтармен жүйелі жұмысқа қуатты қосылуы қазірдің өзінде республиканың әлеуметтік саласын реформалауға игі ықпал етуде.