Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірлік күніне орай алматылық аспазшылар салмағы жарты тоннаға жуық лағман дайындамақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аспазшылары салмағы жарты тоннаға жуық лағман дайындамақ. Жаңа тағамның аты «Достық» деп аталады. Шара 1 мамыр - Бірлік күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Бірлік күніне орай алматылық аспазшылар салмағы жарты тоннаға жуық лағман дайындамақ

«Қазақстанның абыройын көтеру үшін, халықтардың дәстүрін, тағамдарын дүниеге таныту үшін, дүниеде болмаған рекорд орнатайық деп жатырмыз. Лағман тағамы қазақтардың ғана емес, түркі халықтарының тағамы болып кеткен. Ұйғыр этномәдени орталығының басшылығы үлкен шара өткізіп жатыр. Жарты тонна лағманмен бір елдің басын қоспақпыз. Осы арқылы бір елдің тағдыры бір екендігін, дастарханымыздағы нанымыз да бір дегенді жеткізгіміз келеді», - деді «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов.

Ертең мемлекеттік Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының саябағында сағат 11:00 шамасында 30 аспазшы ұйғырлардың дәстүрлі дайындау жолымен 1500 кісіге жетерлік «Достық» лағманын дайындауға кіріседі.

Сонымен қатар іс-шарада меркелік концерт, лағман жасаудан шеберлік сабағы, мәдени ойын-сауық бағдарламасы, солтүстік полюске барып келген бірінші қазақстандық шаңғы экспедициясының мүшелерімен тілдесу ұйымдастырылады.

Аталған шараға Қазақ географиялық қоғамының кезекті рекордын орнату үшін Гиннесс рекордтар кітабының төрешілері шақырылды.