Бірнеше лаңкестік салдарынан Бағдад үстінде қара түтін көтерілді
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Ирактың орталығында болған үш жарылыс салдарынан кемі 11 адам мерт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Жарылыстардың бірі - қонақүй жанында, екеуі шетелдік елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан өңір маңында орын алды.
Куәгерлердің айтуынша, Бағдадтың үстіндегі қалқыған қара түтін жүздеген метр биіктікке көтерілген.