«Біртұтас Ресей» партиясының XI съезіне 600-ден астам делегат пен 2 мыңнан астам қонақ қатысады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қарашаның 21-де Санкт-Петерборда өтетін «Біртұтас Ресей» партиясының XI съезіне 600-ден астам делегат пен 2 мыңнан астам қонақ қатысады.
ҚазАқпарат тілшісіне партияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, съезд жұмысына Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев қатысады. Ал негізгі баяндаманы партия төрағасы, РФ Премьер-Министрі Владимир Путин жасайды.