14:08, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарына қатысты заң жобасы Сенаттың отырысында қаралады
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Айрықша жағдайларда бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын колдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы Кедендік одаққа қатысатын кез-келген елдің ерекше жағдайларда үшінші елдерге қатысты кедендік салықтардың деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді және оларды қолдану шараларын қарастырады. Ал кедендік тасымал үшін салынатын салықтың көлемі арнайы комиссияның шешімімен бекітіледі.