Биржада доллар арзандап, теңге күшейді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,5 теңгеге түсіп, 487,73 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 489,39 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 484,00 теңгеден сатып алынады, 491,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 558,00 теңге, сату - 568,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,25 теңге, сату - 6,55 теңге.
- юань: сатып алу - 69,09 теңге, сату - 74,02 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 487,78 теңгеден сатып алынады, 489,69 теңгеден сатылады. Еуро 560,52 – 565,65 теңге, ал рубль 6,39 – 6,52 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,62 теңгеден сатып алынады, 73,01 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 17 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге өсіп, 489,39 теңге болды.