Биржада доллар бағамы 4 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,84 теңгеге өсіп, 477,48 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 472,48 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 471,99 теңгеден сатып алынады, 479,01 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 550,00 теңге, сату - 560,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 67,83 теңге, сату - 73,17 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 475,84 теңгеден сатып алынады, 478,85 теңгеден сатылады. Еуро 552,26 – 557,89 теңге, ал рубль 6,36 – 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,88 теңгеден сатып алынады, 70,51 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 25 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге өсіп, 472,48 теңге болды.