Биржада доллар бағамы 465 теңге деңгейінде тұрақтады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңге түсіп, 465,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 465,74 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 462,99 теңгеден сатып алынады, 469,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 535,89 теңге, сату — 545,89 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,33 теңге, сату — 5,63 теңге.
- юань: сатып алу — 68,78 теңге, сату — 72,85 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 465,15 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады. Еуро 535,04 — 539,84 теңге, ал рубль 5,38 — 5,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,77 теңгеден сатып алынады, 71,35 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 11 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,38 теңге түсіп, 465,74 теңге болды.