Биржада доллар бағамы қайтадан төмен түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге түсіп, 453,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 454,98 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 500,00 теңге, сату — 510,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,01 теңге, сату — 5,22 теңге.
— юань: сатып алу — 65,85 теңге, сату — 70,46 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 451,48 теңгеден сатып алынады, 453,80 теңгеден сатылады. Еуро 506,84 — 511,58 теңге, ал 5,10 — 5,23 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,19 теңгеден сатып алынады, 67,74 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 5 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңге болды.