Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биржада доллар бірден 10 теңгедей қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы күрт қымбаттады.

доллар теңге
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,85 теңге өсіп, 476,07 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 465,74 теңге.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 470,99 теңгеден сатып алынады, 477,99 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 534,99 теңге, сату — 544,99 теңге;
  • рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,11 теңге.
  • юань: сатып алу — 68,97 теңге, сату — 73,45 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,81 теңгеден сатып алынады, 476,90 теңгеден сатылады. Еуро 540,08-545,60 теңге, ал рубль 5,69-5,83 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,63 теңгеден сатып алынады, 71,14 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 23 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,87 теңгеге түсіп, 465,74 теңге болды.