Биржада доллар қайта қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,56 теңге өсіп, 450,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 450,79 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 448,00 теңгеден сатып алынады, 455,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 520,00 теңге, сату — 530,00 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,31 теңге.
- юань: сатып алу — 68,34 теңге, сату — 72,31 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,79 теңгеден сатып алынады, 452,97 теңгеден сатылады. Еуро 522,16 — 527,53 теңге, ал рубль 5,15 — 5,26 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,11 теңгеден сатып алынады, 70,41 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 10 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,82 теңге түсіп, 450,79 теңге болды.