Биржада доллар шамамен 3 теңгеге төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда жабылды. 

доллар, теңге, валюта
Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 444,88 теңге болды, яғни 2,8 теңгеге төмендеген. 16 қыркүйек бойынша Ұлттық банктің ресми айырбас бағамы 447,88 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443,02 теңгеден сатып, 450,02 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 511,05 теңгеден сатып, 521,06 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 4,97 теңгеден сатып, 5,17 теңгеден сатып алады.

Алматыда доллар орта есеппен 444,39 теңгеден сатылып, 446,41 теңгеден сатып алынады. Тұрғындар еуроны 512,68 теңгеден сатып, 517,93 теңгеден сатып ала алады. Рубль 5,02 теңгеден сатылып, 5,15 теңгеден сатып алынады.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 444,72 теңгеден сатылып, 446,76 теңгеден сатып алынады. Еуро 513,16 теңгеден сатылып, 518,48 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 5,06 теңгеден сатылып, 5,14 теңгеден сатып алынады.

Еске салсақ, 15 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 447,88 теңге боп тұрақтады.