Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бішкек көшесінде 2 жарылғыш зат залалсыздандырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте қолдан жасалған жарылғыш заттар залалсыздандырылды. Бұл туралы КирТАГ сәрсенбі күні Қырғызстанның МҰҚК сілтеме жасап хабарлады.

Бішкек көшесінде 2 жарылғыш зат залалсыздандырылды

2016 жылы 20 қыркүйекте сағат 21:30 мин. 102 кезекші қызметіне Махатма Ганди көшесі мен Первомайский шолақ көшесінің қиылысындағы қара түсті күдікті пакеттер жайлы хабар түсті.

Оқиға орнына Қырғызстанның ІІМ мен МҰҚК жедел тобы шықты.    Муниципалдық дүкен маңында қалдырылған екі полиэтилен пакетінен қолдан жасалған 2 жарылғыш заты табылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында олар  эвакуацияланды, аумақ қоршауға алынды.

Қырғызстанның МҰҚК саперлері жарылғыш заттарды залалсыздандырылды. Жапа шеккендер жоқ. Тиісті сараптама жүргізілуде. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.