Бішкек маңында 9 тоннаға жуық марихуана өсірген

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Сокулук ауданында есірткімен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Шу облысының ішкі істер бас басқармасының мәлімдеуінше, 2019 жылғы 17 шілдеде Қырғыз Республикасы ІІМ Шу облысы бойынша Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қызметі Сокулук ауданындағы қызметкерлермен бірлесіп «Бішкек-Манас» күре жолында жедел шаралар жүргізген. Рейд барысында тоқтатылған 1961 жылы туған ер адамнан 680 грамм жабайы сора табылған.

Күдіктінің Достық ауылындағы үйін тінту барысында жалпы салмағы 23 кг 800 грамм есірткі табылады.

Тергеу барысында күдікті Дача-Суу ауылындағы үйінің айналасын тұтас егістік алқабына айналдырып, марихуана өсіргені анықталған. Сол жерден 8 тонна 900 килограмм марихуананы орылып, тәркіленген.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар