Бішкекте еңбек мигранттарының арасында ВИЧ індетінің алдын алу мәселелері талқылануда

Орталық Азияда Жұқтырылған адам қорғанышы белгісі (СПИД) індетін бақылау жөніндегі жобаның үшінші гранттық кезеңнің аясында өтіп жатқан бұл шараның мақсаты - жобамен кеңінен танысу, ынтымақтастықтың түрлі сипаттарын талқылау және Душанбедегі Еңбек мигранттарының арасында АҚТҚ профилактикасы жөніндегі орталықазиялық аймақтық оқу орталығына қолдау көрсету.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, АҚТҚ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды, еңбек миграциясы мәселелерін, аймақтағы оның ішінде Қырғызстандағы көші-қон үдерістерін реттеу проблемаларын талқылайды. Шараны Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып отыр.