Бішкекте таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық конференция ашылды
БІШКЕК. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Халықаралық Тау күніне орайластырылған конференция басталды.
«Таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі» мәселесіне арналып отырған бұл жиында БҰҰ-ның Мыңжылдық даму мақсаттарының аясында таулы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі экономикалық және қаржылық тетіктері талқыланады. Сондай-ақ, жаһандық жылымықтың таулы елдердің экология-экономикалық жүйелеріне әсер ету проблемасы мен оған бейімделудің тетіктері туралы сөз болады.
Конференция жұмысына АҚШ, Еуропа, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен үкіметтік және ғылыми топтардың үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.