16:59, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Бішкектегі мемлекеттік мекемелер жанында митингілер жалғасуда
ІШКЕК. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қазірде Қырғыз Үкімет үйі жанында «Ала-Тоо» алаңында митингі жалғасуда, оған кемінде екі мың адам жиналды.
Алаңда белсенділер мен жиналғандардың арасынан жастар өкілдері сөз сөйлеуде, олар арандатуға жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтауға үндеуде.
Бұдан бұрын Жогарку Кешен (парламент) ғимараты алдында митингі басталды, оған шамамен үш мыңдай адам қатысуда. Онда уақытша халық үкіметінің өкілдері Өмірбек Текебаев пен Алмазбек Атамбаев сөз сөйледі, олар да тыныштық сақтауға шақырды және республиканың жаңа басшылығының алғашқы кезектегі міндеттері туралы әңгімеледі.