Бішкектегі тәртіпсіздіктердің салдарынан банктер жұмыс жасамайды

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Елдегі тәртіпсіздіктердің салдарынан Бішкекте үшінші тәулік бойы банктер жұмыс жасамайды. AKIpress ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қырғыз астанасында банктер филиалдары мен банкоматтар жұмыс жасамай тұр.

Бішкектегі тәртіпсіздіктердің салдарынан банктер жұмыс жасамайды

Бұл мәліметтерді Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің өкілдері берді. Ұлттық банктен хабарлауынша, тұтастай алғанда жағдай қалыпты. Бішкекте де, аймақтарда да банктерді немесе филиалдарды қиратулар туралы хабарлар түскен жоқ. Қаржы мекемелері де қиратулардан қорқып жұмыс жасауға дауаламай отыр. Сондай-ақ олардың клиенттерге қызмет көрсету үшін қашан ашылатыны белгісіз.