Бишімбаев ісі: Сыртқы істер министрлігі Ксения Собчак пен Наталья Грейс туралы пікір білдірді

АСТАНА: KAZINFORM – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейстің Қазақстандағы сот отырысына қатысуы туралы пікір білдірді.

сот бишімбаев
Коллаж: Kazinform / Pixabay

«Олардың екеуі де аккредитация үшін бізге жүгінген жоқ. Сот отырысына ресейлік медиа өкілдердің нақты кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен анықтап біле аласыздар», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деп айыпталды және аты шулы сот талқылауы өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар