Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді

Б.Байжанов
Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Судья Айжан Құлбаева бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжановтан қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпты өзгертті.

«Сот қаулы етті: ҚР ҚК 434-бабы бойынша Байжановты мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты аса ауыр қылмыс туралы хабарламау туралы іс жүргізу тоқтатылды», - деді судья.

Енді Байжановты Қылмыстық Кодекстің 432-бабы «Аса ауыр қылмысты алдын ала уәде етілмеген жасыру» бойынша ғана айыптайды.

Бұған дейін өткен отырыста бұл туралы мемлекеттік айыптаушы өтініш білдірген болатын. Судья Айжан Құлбаева тергеудің аяқталғанын және сот жарыссөздеріне көшкенін жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар