11:33, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Биткоин бағасы тарихта алғаш рет 100 мың доллардан асты
АСТАНА. KAZINFORM – Биткоин бағамы тарихта алғаш рет 100 мың доллардан асты. Бұған Coindesk деректері дәлел, деп жазады Report.

Өсім 4,5 пайызды құрады.
Айта кетейік, Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін криптовалюта 1,5 есе қымбаттады.
- Биткоинның соңғы серпілісі Трамптың криптовалютаның танымал адвокаты Пол Аткинсті Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның басшысы етіп тағайындауды жоспарлап отырғаны туралы БАҚ-тың мәлімдемесі себеп болды, - делінген хабарда.
MarketWatch мәліметтері бойынша, айналымдағы барлық биткоиндердің жалпы капитализациясы 2,04 триллион долларға бағаланады.
Айта кетейік, бұған дейін Биткоин 96 мың доллардан асқаны туралы жазған болатынбыз.