Биыл 1 млн қазақстандықтың жалақысы 12%-ға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 1 млн қазақстандықтың жалақысы 12%-ға өсті

«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Ағымдағы жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.

Сонымен бірге, брифингі барысында комитет төрағасы еліміздегі 73 кәсіпорынның жұмыскерлерге төлемеген 1,4 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін айтты.