11:19, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Биыл 32 мың үлескерге баспана берілмек
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жоспар бойынша 2009 жылда 32 мың үлескерге баспана берілмек.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің қатысуымен өткен ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда 2008 жылда болған 57,7 мың үлескердің 17217-сіне баспана берілді. «2009 жылы 32 мың үлескерге берілсе, 2010 жылға дейін барлық азаматтарға баспана таратылады», деді В. Школьник.Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі әлемдік экономикадағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. «Сонымен қатар үлескерлік құрылыс бойынша тиісті заңнаманы өзгерту жоспарланып отыр. Осыған орай банктердің үлескерлік құрылысқа қатысуын арттырып, үлескерлерді 100 пайызға қорғау қарастырылған. Болған жағдай қайталанбауы тиіс», деді В. Школьник.