Биыл 7 млрд теңгеге 67 нысан жекешелендірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендірудің екінші толқыны аясында биыл 7 млрд теңгеге 67 нысан сатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл 7 млрд теңгеге 67 нысан жекешелендірілді

Министрлік басшылығының мәліметтері бойынша, биыл 7 млрд теңгеге 67 нысан жекешелендірілген. Осылайша, жалпы сату саны 86,6 млрд теңгеге 324 нысанды құраған. Ведомствоға бағынышты ұйымдарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде жекешелендірілетін кәсіпорындар тізімі артады.

«Жекешелендіру бойынша акция аяқталуда, тек үшінші тоқсанда ғана орташа айлық ақша сомасы 40 есеге дерлік артты (6,3 млрд теңге болған болса, қазір 250 млрд теңге).

Биылғы жылдың 14 қазанындағы мәліметтер бойынша барлығы 2,7 трлн теңге, оның ішінде ақша түрінде 1,8 трлн теңге заңдастырылды. Негізгі қаржылық нәтижелер осындай. Бюджетті орындау барысында қабылданған барлық шаралар экономикалық өсімге қолдау жасады», - деді министр.