Биыл Ақсай қаласын абаттандыруға 132 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді
ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақсай қаласын абаттандыруға 132 млн.теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілді.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Ақсай қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.
2013 жылы 452,8 млн. теңге сомасында мақсатты трансферттер және несиелер бөлу көзделіп отыр.