Биыл әлемдік туризм саласының деңгейі 5-6 пайызға төмендейді

АНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Сарапшылардың болжамы бойынша  биыл әлемдік туризм саласының деңгейі 5-6 пайызға төмендейді.

Биыл әлемдік туризм саласының деңгейі 5-6 пайызға төмендейді

Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Бас Ассамблеяның жұмыс және бюджет бағдарламасының директоры Евгений Юнис мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ақпараты бойынша, бүгінде қаржы дағдарысы салдарынан әлемдік туризм саласында өсу көрсеткіштері байқалмайды. «Болжам бойынша ағымдағы жылы бұл саланың деңгейі 5-6 пайызға төмендейді. Бірақ 2010 жылға қарай әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайының төмендеуімен қатар туризм саласы да дамып, өсетін болады», - дейді Е.Юнис.