Биыл әскерилерге арнап 17 тұрғын үй мен 15 жатақхана салу жоспарланып отыр

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы әскерилерге арнап жалпы көлемі 98 мың шаршы метрді құрайтын, яғни 1 714 пәтерден тұратын 17 тұрғын үй мен 15 жатақхана салу жоспарланып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы 77 мың шаршы метрді құрайтын түрғын үй пайдалануға берілді. Алғаш рет Астананың маңынан әскерилер үшін 176 отбасыға коттедж қалашығы тапсырылды. Сонымен бірге Талдықорған гарнизонының әскерилеріне арнап қолайлы коттедждер пайдалануға берілді»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Атап айтқанда, бүгінде министрлік тұрғын үймен қамтамасыз етудің басқа да жолдарын қарастыруда. Оның ішінде жинақтау есебінің жүйесін құру, ипотека, сондай-ақ арендалық тұрғын үй беру мәселелері қамтылған.

Соңғы жаңалықтар