Биыл Астанада еңбек заңнамасын сақтамаған заңды тұлғаларға 20 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада еңбек заңнамасының талаптарын сақтамаған 82 заңды тұлғаға 20 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жыл басынан бері еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспардан тыс 247 тексеріс жүргізді. Былтыр сәйкес кезеңде 267 тексеріс жасалған болатын. Нәтижесінде талапқа сай келмеу фактілері бойынша 133 нұсқама, сондай-ақ 20 млн теңге сомасына 82 заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Өткен жылы болған тексерістер қорытындысы бойынша 87 субъектіге 16 млн теңге айыппұл салынған еді», - деп мәлім Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ысмағұлов коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қоса кетсек, бұған дейін еңбек қауіпсіздігі саласын жетілдіру үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру ұсынылған болатын.


Соңғы жаңалықтар