Биыл Астанада тағы бір көпірдің құрылысы аяқталады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Биыл елорданың Есіл ауданында Орынбор-Сығанақ көшелері аумағында Есіл өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері жөніндегі жұртшылық алдында есеп беру кездесуінде Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл ? Астана жолдарындағы көліктік тығыздықты азайтуға бағытталған жобалардың бірі. «Қала инфрақұрылымында жол желілері маңызды орынға ие. Соңғы 2 жыл ішінде 28 шақырым жол жөнделді. Биыл жаңа үйлерге 5 шақырым жол тартылады. Алдағы екі жыл ішінде қала сыртындағы ауылдарда 15 шақырым жол салынады. Сондай-ақ инженерлік желілер мен жолдардың құрылысына 2011 жылға дейін 24 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр», - деді Қ. Жаңабергенов.
Соңғы жаңалықтар