Биыл Астанада Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы басталады
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы 2013 жылдың екінші жартысында басталады.
Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.
«Биыл онкология бағытында үлкен жұмыс жүргізудеміз, қазір техникалық-экономикалық негіздеме аяқталуға жақын. 2013 жылдың екінші жартысында Астанадағы онкологиялық орталықтың құрылысын бастаймыз деп ойлаймын. Әкімдік жер бөлді. Онкология жөніндегі бағдарлама қабылданды», - дейді вице-премьер Ербол Орынбаев.
Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 28 инсульттық орталық құрылатын болады, бұл халықтың сұранысын толығымен жабады. Бүгінгі күні мұндай 20 орталық жұмыс істеп тұр.