Биыл автонесие бағдарламасына 26 млрд теңге қарастырылады - ҚДБ

Төрағаның сөзіне қарағанда, былтырғы жылы автонесие бағытында 15 млрд теңге бөлінген еді, бұған қосымша 4 млрд теңге «БРК лизинг» арқылы қарастырылды. «Лизинг бойынша 4 млрд теңге толығымен игерілді, ал 15 млрд теңгенің тек 87 пайызы ғана орындалды. Бұған себеп - жыл соңына таман девальвация қарқыны үдеп, соның салдарынан сұраныс та күрт түсіп кетті», - дейді Б. Жәмішев. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басында автонесие бойынша қосымша 11 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, ҚДБ автонесие саласында алдағы жұмыстарды айқындау бойынша Үкіметпен бірлесе белсенді жұмысқа кіріскелі отыр.
«8 қаңтардан бастап осы бағытқа қосымша 11 млрд теңгені бағыттадық. Осылайша, тұтастай алғанда автонесие бағдарламасына 26 млрд теңге қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта банктермен, автоөндірушілермен бірлесіп, қаражатты тиімді әрі нәтижелі пайдалану мәселесін қарастырудамыз. Тұтастай алғанда, елімізде автонесие бағдарламасына қызығушылық үлкен. Мәселен, биылғы қарастырылған қаражаттың 12,7 пайызына клиенттерден тапсырыс түсіп отыр», - деді Б. Жәмішев.