Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленбек - Экология министрі

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Балық шаруашылығын дамытуға негізделген жаңа бағдарлама болашағы зор технологияларға арналмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Биыл Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленбек - Экология министрі

«Елімізде «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыруға негізделген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2014 жылы Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарлама су айдындарының балық ресурстарын сақтау мен көбейту және тиімді пайдалануға, сондай-ақ тауарлы балық өндіруді дамыту бойынша шараларды жүргізуді қарастырады. Атап айтқанда ол тиімді әрі болашағы зор технологияларға негізделмек.