Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл Батыс Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі 26 млрд. 800 млн. теңгеге жетпек

ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биыл Батыс Қазақстан облысында зейнетақы мен жәрдемақы көлемі 26 млрд. 800 млн. теңгеге жетпекші,

Биыл Батыс Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі 26 млрд. 800 млн. теңгеге жетпек
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Берікболат Нұржановтың айтуынша, Елбасы Жолдауында көрсетілгеніндей, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылы осы мақсатқа 21 миллиардтан астам теңге төленсе, биыл наурыз айының ішінде ғана 2 млрд. 239 млн. теңге берілді. Облыс көлемінде 70 мыңнан астам зейнеткер мен 25 мыңдай мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың бәрі де қамтылған.