Биыл Березовка, Бестау ауылының тұрғындары көшіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Березевка, Бестау ауылының тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

«Березовка және Бестау елді мекендері туралы қысқаша ақпарат берер болсам, жалпы, 454 үйді көшіру қажет. Соның ішінде 423-і - Березовка ауылында, қалғаны Бестау елді мекенінде тұрады. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі қабылдаған жоспарға сәйкес бірінші кезең аяқталды. Соған сәйкес 82 отбасы Ақсай қаласында көп қабатты 128 пәтерлі екі үйге көшірілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табуда. 2016 жылы Березовка, Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады», - деді Н.Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар