Биыл БҚО-да мектеп мұғалімдерінің тапшылығы жойылады

«Қазіргі таңда облыста білім саласындағы мамандардың тапшылығы 11 адамды құрайды. Олар: бастауыш мектептердегі мұғалімдер, физика және математика пәндерінің мұғалімдері. Мұны біз 2016 жылы облысымыздағы орта арнаулы маман дайындайтын мекемелердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының мамандарын, сонымен бірге басқа да облыстардағы аталған мамандықтарды дайындайтын жоғары оқу орындарының түлектерін тарта отырып толығымен шешеміз», - деді Н.Ноғаев.
Әкім өз сөзінде облыста жұмыспен қамту жоспары жасақталғанына да тоқталды. Аталған кешенді жоспармен 13 мың адамды қамту керек болса, қазіргі уақытта жылдың қорытындысына сәйкес 19 адам қамтылған. Бұған қоса, өткен жылы 8931 жаңа жұмыс орны ашылып, оған он мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. «Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, облыстағы ірі мекемелермен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен меморандумдарға қол да қойылды. Қазіргі таңда 4369 меморандум жасалып, 45 мың адам қамтылды», - деді ол.