Биыл дзюдодан қандай спорттық шаралар өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттары қай уақытта, қай жерде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл дзюдодан қандай спорттық шаралар өтеді

ҚР Дзюдо федерациясы хабарлағандай, 2020 жылы күнтізбе бойынша дзюдодан барлығы 6 ел біріншілігі өтпек.

Нақтылап атап өтсек, 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында, өтсе, 2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында өтеді.

Ал 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтпек.

2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан Чемпионаты 1-6 мамыр күндері Орал қаласында өтсе, 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты 17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында өтеді.

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 3-8 қараша күндері Атырау қаласында өтетін болып белгіленді.