Биыл «ЭКСПО-2017» көрме аймағының нөлдік циклі аяқталады - Т.Ермегияев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «ЭКСПО-2017» көрме аймағының нөлдік циклі аяқталады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте
None
None

«ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма бастығы Талғат Ермегияев айтты. «ТМД елдерінде алғаш рет өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Осы орайда Сіздің еліміздің жүрегі болып табылатын Астанада тарихи маңыздағы әлемдік іс-шараны өткізу туралы бастамаңыз жүзеге асырыла бастады. Сіз атап өткендей, көрме Қазақстан экономикасында жаңа кезең болып, инновациялық технологиялар мен индустриалды революцияның жаңа алаңына айналды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу және бүкіл әлемге экономика, техника, инновация салаларындағы үздік үлгілерді паш ету Қазақстанның негізгі мақсаты болып табылады.

«Маусымда «Қазақстан» ұлттық павильоны құрылысына кірісеміз. Екі айдан кейін халықаралық тақырыптың корпоративтік павильондардың құрылысы бойынша жұмыстар басталады. Тамызда ұйымдастырушы кеңсесін, ал қыркүйекте тұрғын үй кешендері құрылысын қолға аламыз. Толықтай алғанда, ағымдағы жылдың желтоқсанында 25 гектардағы көрме аймағының нөлдік циклін аяқтаймыз», - деді Т.Ермегияев.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы құрылыс жұмыстары барынша қарқынды жүргізіліп, 2016 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ал 2017 жылдың басында көрмеге қатысушы елдер өз павильондарын құра бастайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум