Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде өткізуіміз қажет - Үкімет басшысы

АНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты деңгейде өткізуіміз қажет. Мұндай тапсырманы бүгін Мәдениет министрлігінің 2010 жылды қорытындысына және 2011 жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов берді.
None
None

«Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеміз. Осы мерейлі мерекені лайықты деңгейде өткізуіміз шарт»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Осы орайда Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед министрлік ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде мерекені атап өту жөніндегі тұжырымдаманы бекіттіріп алғанын жеткізді. «2011 жылдың басымды міндеттері - Елбасы мен Үкіметтің елімізді 2020 жылға дейін дамыту стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау және министрліктің стратегиялық жоспарын тиімді жүзеге асыру. Сонымен қатар министрліктің жұмысы тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы мен Жалпыұлттық жоспарынан туындайтын барлық міндеттерді орындауға бағытталады»,-деді ведомство басшысы.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы той-тойлау емес, тәуелсіздіктен тағылым алу үшін керек деген Елбасының сөзі - біз үшін алдағы іске асыратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ»,-деді М. Құл-Мұхаммед.

Ведомство басшысы бұдан басқа министрлік бүгінде Президент әкімшілігінің қарауына ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын дайындау жөніндегі негізгі жұмысты да аяқтағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар