17:08, 23 Мамыр 2013 | GMT +5
Биыл елімізде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылады - Б.Сағынтаев
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл елімізде Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылады. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Қазақстандағы кәсіпкерлік: талаптары мен мүмкіндіктері» атты сессияда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы Қазақстанда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылады. Палата құрудағы мақсат - мемлекет пен бизнестің сапалы жаңа сұхбаттастығын қалыптастыру, сонымен қатар салалық кәсіпкерлер бірлестігін қолдау үшін бизнесті шоғырландыру», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
Оның атап өтуінше, палатаға шағын және орта бизнеске сервистік қызмет көрсету, салықтық және кедендік келіспеушіліктерді реттеу сынды міндеттер жүктелетін болады.