Биыл ірі қара мал үшін 20 мың орынға арналған бордақылау алаңдары құрылады

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда 20 мың орынға арналған бордақылау алаңдарының желісі құрылатын болады,

Биыл ірі қара мал үшін 20 мың орынға арналған бордақылау алаңдары құрылады

деп хабарлады «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.

«2012 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының аясында 20 мың орынға арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланып отыр»,- делінген холдинг хабарламасында.

Ал 2015 жылға дейін 150 мың орынға арналған бордақылау алаңдары құрылмақ.

«ҚазАгро» холдингінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда 2,5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы өтініштер мақұлданды. І жартыжылдықта барлығы 13 мың бас ірі қара малға арналған жобаларды несиелендіруге өтініштер қабылданған.

Бүгінгі таңда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 12,5 мың ірі қара мал басына арналған жобалар қаралып жатыр.

Оған қоса, елімізде шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебінен 5,3 мың орынға арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.