11:08, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Биыл Қазақстанда 189 инвестициялық жоба жүзеге асырылады ? В. Школьник
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстанда жалпы сомасы 858 млрд. теңгеден астамды құрайтын 189 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, осылайша ағымдағы жылы 2420 жұмыс орнын құру көзделуде. «2010 жылы жалпы сомасы 961 млрд. теңгеден асатын 62 жобаны іске қосу көзделуде. 24 мың 620 жұмыс орны құрылатын болады», деді министр. В. Школьниктің айтуынша, әкімдіктердің деректеріне негізделген министрліктің мониторингі бойынша республикамыздың барлық өңірінде инвестициясының жалпы көлемі 3,2 триллион теңгені құрайтын 289 жоба жүзеге асырылуда.