Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс мәлім етті.

Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады

«Біз ағымдағы жылы бункерлік салмақта өткен жылғы деңгейден төмен емес,  шамамен 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасының орынбасары бүгінде әлемнің көптеген елдері Қазақстан астығына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Осы ретте ол ағымдағы маркетинг жылында 7-7,5 млн. тоннадан кем емес астық сыртқа шығарылатындығын айтты.